Алматыда ерлі-зайыптыға шабуыл жасамақ болған жігіттер түрмеден бір-ақ шықты
Олар сот шешімімен қамауға алынды
Алматы қаласында өзге көлікте отырған ерлі-зайыптыларды арандатқан екі ер адам сот шешімімен әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Алатау ауданында ерлі-зайыптылар екі ер адамның арандатушылық әрекеттеріне тап болды. Олар сабырлық танытып, көліктен түспей, оқиғаны бейнежазбаға түсіріп, дереу «102» нөміріне хабарласқан.
Полиция әрекеті
Полиция оқиға орнына жедел жетіп, құқық бұзушыларды анықтап ұстады. Олар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Сот шешімі
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты екі құқық бұзушыны кінәлі деп танып, тиісінше 5 және 7 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.
Полиция ескертеді
«Азаматтардың дер кезінде полицияға хабарласуы жанжалдың өршуіне жол бермеді. Мұндай жағдайда ең бастысы – сабыр сақтау, жағдайды бейнежазбаға түсіру және дереу «102»-ге қоңырау шалу», – деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Еділхан Байғараев.