Қазақстанда газ бағасы күрт қымбаттады
Импорт 2,3 есеге артты, ал кейбір аймақтарда баға 70 пайыздан астам өсті

Қазақстанда қаңтар-шілде айларында табиғи газ өндірісі 10%-дан астамға қысқарды, бірақ бір жыл ішінде халық үшін баға 27,7%-ға өсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Биылғы жылдың қаңтар-шілде айларында елімізде 14,8 млрд текше метр газ өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 10,3%-ға аз. Оның басым бөлігі Батыс Қазақстан облысына тиесілі – жалпы көлемнің 93 пайызы.
Импорт 2,3 есеге артып, 4,2 млрд текше метрді құрады. Ресурстардың 44,6%-ы импорттың үлесіне тиді.
«Тамызда халық үшін газ бағасы бір айда 21%-ға, жыл басынан бері 26,9%-ға және бір жылда 27,7%-ға өсті. Баға ең көп Атырау облысында қымбаттады – бір жылда 70%-ға өсті», - дейді сарапшылар.
Сонымен қатар табиғи газ өндірудің әлемдік рейтингінде Қазақстан 49 елдің ішінде 25-орынды иеленді. 2024 жылы республикада 29,7 млрд текше метр өндірілді, бұл әлемдік қордың небәрі 0,7% құрайды. Салыстыру үшін айтсақ, АҚШ (1 триллион текше метр), Ресей (629,9 миллиард текше метр) және Иран (262,9 миллиард текше метр) елдері әлемдік көшбасшы болып саналады.