$ 540.84  634.46  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Абай облысында «Damu Bala» бойынша бөлінген 23 млн теңге жымқырылды

Балаларға арналған үйірмелер қаржысын жымқыру ісі бойынша үкім шықты

Абай облысында «Damu Bala» бойынша бөлінген 23 млн теңге жымқырылды
Фото: Видеодан скрин/ҚМА

Қаржылық мониторинг агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті «Damu Bala» платформасы арқылы бөлінген мемлекеттік қаржыны жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қылмыстық әрекет қалай жүзеге асты?

«SAMGAU өнер&спорт мектебі» ЖШС директоры жан басына қаржыландыру бағдарламасы аясында сабаққа қатыспаған балаларды үйірме қатысушысы ретінде көрсеткен, жалған есеп құжаттарын уәкілетті органға тапсырып отырған, тіпті кейбір балалар өздерінің бағдарламаға тіркелгенін мүлде білмеген.

Мысалы, Алматы облысында тұратын бала ешбір үйірмеге қатыспаса да, Абай облысында бейнелеу өнері үйірмесінің қатысушысы ретінде тіркелген.

Залал және сот шешімі

Мемлекетке келтірілген залал көлемі – 23 млн теңге. Күдікті бұл қаражатты толық өтеді. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары