$ 536.76  630.85  6.45
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Айдыны 36 пайызға ұлғайып, су көлемі екі есе өсті»: президент Арал теңізі жайлы айтты

Ол өз сөзінде су құрамындағы тұздың мөлшері екі азайғанын қозғап өтті

«Айдыны 36 пайызға ұлғайып, су көлемі екі есе өсті»: президент Арал теңізі жайлы айтты
Фото: istockphoto.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында Арал теңізінің мәселесін көтерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол өз сөзінде су құрамындағы тұздың мөлшері екі азайғанын қозғап өтті.

«Аралға қатысты жақсы мысал бар. Әрине, теңіздің тартылуы Қазақстан үшін үлкен қасірет болды. Бірақ одан қорытынды жасалып, теңізді қалпына келтіру үшін жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл кешенді жұмыс 20 жылдан астам уақыт бойы үздіксіз жалғасуда.

Соның арқасында Солтүстік Аралды сақтап қалдық. Оның айдыны 36 пайызға ұлғайып, су көлемі екі есе өсті. Су құрамындағы тұздың мөлшері екі есе азайды. Бірақ Аралды толтыру жұмысы қарқынды жалғаса беруі қажет», – дейді президент.

Серіктес жаңалықтары