Салықтан түскен әр теңге халықтың игілігіне жұмсалуы керек- президент
Мемлекет адал жұмыс істейтін салық төлеушілердің мүддесін қорғайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында салық төлейтін адал азаматтарға мемлекет жағдай жасайтынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жаңа салық кодексі қазіргі нормалар мен рәсімдерді өзгертумен шектелмеуі керек. Бұл құжат салық төлеушілердің ашықтық пен адалдыққа негізделген жаңа таным-түсінігі мен болмысын қалыптастыруға тиіс. Мемлекет адал жұмыс істейтін салық төлешуліредің мүддесін қорғайды. Олардың адал еңбегінен түскен салықты еліміз дамуға жұмсайды. Салықтан түскен әр теңге халықтың игілігіне жұмсалуы керек. Бұл азаматтарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсетіліп, инфрақұрылым салынып, мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылуы керек деген сөз», - деді ол.
Сондай-ақ президент атағандай, даму институттары кәсіпкердің белсенділігін арттыруда айрықша рөл арттыруы тиіс.
«Бірақ олардың жұмысында біраз кемшіліктер бар. Олардың жұмысын өзгертетін уақыт келді. Бұл құрылымдар нақты бір салаға бағытталған терең талдау жасауға қабілетті, инвестиция салуға құқылы тошлыққанды даму институты ретінде жұмыс істеуі керек», - деді президент.