Павлодар облысында жыл басынан бері 4 бала жол апатынан көз жұмды
Тағы 230 бала түрлі деңгейде жарақат алды

Павлодар облысында жыл басынан бері балалар зардап шеккен 182 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан кәмелетке толмаған 4 бала қаза тауып, 230-ы жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, статистиканы нөлге дейін азайту мақсатында түрлі рейдтер мен жедел-алдын алу іс-шаралары өткізіліп жатыр. Жаңа оқу жылында тәртіп сақшылары балалар мен ата-аналарға арналған арнайы сабақтар мен дәрістер өткізетін болады.
«Тәртіп сақшылары күнделікті профилактикалық жұмыс жүргізуде. Жыл басынан бері жылдамдықты асырғаны үшін 90 мыңнан астам жүргізуші Жыл басынан бері «Оракул», «Кибер-Шериф», «ZEREK-2» стационарлық жылдамдық өлшеу жүйелері арқылы 91 343 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі тіркелді.
Полиция қызметкерлері 1220 жолды тексеріп, анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар енгізді», – делінген хабарламада.