$ 537.91  628.87  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

11 автокөлік, ақша ұтысы: заңсыз лоторея өткізді деген Ерболат Жанабылов сотта жауап берді

Астанада блогер Ерболат Жанабыловтың заңсыз лотерея өткізгені жөніндегі іс қарала бастады

11 автокөлік, ақша ұтысы: заңсыз лоторея өткізді деген Ерболат Жанабылов сотта жауап берді
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Елордадағы мамандандырылған ауданаралық сотта блогер әрі кәсіпкер Ерболат Жанабыловқа қатысты заңсыз лотерея ұйымдастыру ісі қаралуда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Істің қаралуына 2025 жылдың тамыз айында құмар ойындар мен лотереяларды реттеу комитетіне келіп түскен азаматтың шағымы мен Қаржы мониторингі агенттігінің ілеспе хаты себеп болған. Құжаттарда Instagram-дағы «zhanabylov_e» аккаунты арқылы өткізілген ұтыс ойындары туралы ақпарат көрсетілген.

«Тергеу барысында Жанабылов жүйелі түрде ақша, 10 автокөлік және өзге де бағалы сыйлықтар ойнатқандығы анықталды. Қатысу ақылы түрде ұйымдастырылған: қолданушылар Жанабыловтың жұбайы басқаратын «Zhana Business» ЖШС-нің «оқыту курстарына» 30 мың теңге төлеген. Жеңімпаздар «бақ барабаны» құрылғысы арқылы анықталған. Бұл – лотерея қызметінің белгілеріне сәйкес келеді», – делінген сот материалдарында.

Құмар ойындар мен лотереяларды реттеу комитеті Жанабыловты кінәлі деп танып, әкімшілік жауапкершілікке тартуды сұрады. Ал кәсіпкердің өкілі, керісінше, істі тоқтатуды талап етіп, құқықбұзушылық құрамы жоқ екенін мәлімдеп отыр.

Серіктес жаңалықтары