$ 537.91  628.87  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда доллар бағамы арзандады

АҚШ долларының орташа бағамы 537,91 теңгені құрады

Қазақстанда доллар бағамы арзандады
Фото: freepik.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 537,91 теңге болды. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 2,11 теңгеге төмен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Ұлттық банкінің 5 қыркүйекке бекіткен ресми бағамы 540,05 теңге деңгейінде белгіленді.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу орташа есеппен 538,35 теңге, сату – 540,17 теңге деңгейінде. Ал Астанада сатып алу бағасы орташа 536,06 теңге, сату бағасы – 541,01 теңге болып тұр.

Еске сала кетейік, 2 қыркүйектегі күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 0,95 теңгеге өскен, 3 қыркүйекте – 0,55 теңгеге көтерілген, ал 4 қыркүйекте 0,09 теңгеге төмендеген еді.

Серіктес жаңалықтары