ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жезқазғанда «Adidas» компаниясының заттарын заңсыз сатқан кәсіпкер жазаланды

Жезқазғанда кәсіпкерге заңсыз тауарлық белгіні пайдаланғаны үшін айыппұл салынды

Жезқазғанда «Adidas» компаниясының заттарын заңсыз сатқан кәсіпкер жазаланды
Фото: istockphoto.com

Жезқазған қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында танымал әлемдік брендтің тауарлық белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін айыпталған жеке кәсіпкерге қатысты іс қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық соттың хабарлауынша, құқық бұзушылық 2025 жылғы 4 тамызда жедел-алдын алу іс-шарасы барысында анықталған. Сол кезде полиция ер адамның тиісті рұқсатсыз Adidas логотипі бар өнімді саудалап жүргенін анықтаған.

«Сот отырысында кәсіпкер кінәсін толық мойындап, өкініш білдірді. Сот кінәні мойындауын жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді, ал ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ», – делінген соттың хабарламасында.

Іс қорытындысы бойынша кәсіпкер ҚР ӘҚБтК-нің 158-бабы бойынша кінәлі деп танылды. Заңсыз тауар тәркіленіп, құқық бұзушыға 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. ҚР ӘҚБтК-нің 829-11-бабына сәйкес жеңілдік ескеріле отырып, айыппұл сомасы 82 572 теңгені құрады.

Серіктес жаңалықтары