$ 537.91  628.87  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан-Уэльс матчы: елорда әкімдігі стадионға баратын жол жабылатынын айтты

«Астана Аренада» өтетін матч кезінде қозғалыс уақытша шектеледі

Қазақстан-Уэльс матчы: елорда әкімдігі стадионға баратын жол жабылатынын айтты
Фото: fcastana.kz

Астанада 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Қазақстан-Уэльс матчы кезінде стадионға баратын жол жабылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Астана Арена» стадионында өтетін матч 4 қыркүйек күні сағат 19:00-де басталады.

Жанкүйерлердің ыңғайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында матч кезінде «Астана Арена» стадионы аумағында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады. Шектеулер «Алау» мұз сарайы мен «Сарыарқа» велотрегі жағынан енгізіледі.

«Қозғалысқа шектеулер матч басталғанға дейін бірнеше сағат бұрын күшіне еніп, оның аяқталуына дейін жалғасады.

Жүргізушілер алдын ала жүретін бағытын жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескергені жөн», – делінген әкімдік хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары