$ 537.91  628.87  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Пәтер жалдау - қолайлы шешім»: астаналықтар қонаққа келетіндерге 3 кеңес айтты (ВИДЕО)

Тұрғындар қала қонақтарына қажет болады деген ойларын айтты 

«Пәтер жалдау - қолайлы шешім»: астаналықтар қонаққа келетіндерге 3 кеңес айтты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Астаналықтар елордаға келген туристер мен қонақтарға саяхатты жайлы өткізуге арналған үш негізгі кеңесін айтты, деп жазады Azattyq Rýhy.

Пәтер жалдау – қолайлы шешім

Қала тұрғындарының айтуынша, шағын пәтерде тұратын отбасылар үшін қонаққа келетін туыстары ыңғайсыздық тудыруы мүмкін. Сондықтан келгендерге пәтер немесе қонақ үй жалдаған әлдеқайда дұрыс деп санайды.

«Егер пәтер жалдаса, қонақтардың өздеріне де ыңғайлы болады. Баласы бар шағын отбасыға ауыртпалық салмаған жөн», – дейді елорда тұрғындары.

Құбылмалы ауа райына дайын болу

Астананың жазы да кейде мінез танытуы мүмкін. Яки, қатты жел соғып, сел жауса, бұрын-соңды қалаға келмеген кісілер не істеу керек? Бұл сұрағымызға жауап берге қалалықтар  ауа райы болжамын үнемі қадағалап, кез келген маусымда жеңіл күртеше алып жүруді ұсынады.

«Астанада жаздың өзінде жел болып, жаңбыр жауып кетеді. Сондықтан ауа райы болжамын үнемі қарап, тексеріп отыруы керек. Қай мезгіл болмасын, жеңіл күртеше алып жүруге кеңес береміз», - дейді астаналықтар.

Саяхатқа алдын ала дайындық

Астаналықтар қонақтарға сапар алдында қаржыны алдын ала жоспарлап, интернет арқылы ақпаратты зерттеп алған жөн екенін айтты.

«Бір апталық қыдыруға шамамен 500 мың теңге кетеді. Театр мен мәдени ұйымдарға бару құны барлық жерде бірдей», – дейді олар.

Серіктес жаңалықтары