04.09.2025, 09:00
Жаңалықтар
Шымкентте самокат жүргізіп жүрген 100-ден астам адам полицейлердің назарына ілікті
Олар жол ережін бұзғаны үшін жауапқа тартылды
Фото: freepik.com
Шымкентте самокат жүргізіп жүрген 100-ден астам адам полицейлердің назарына ілігіп, айыппұл арқалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Олар электрсамокаттарды жүргізу барысында жаяу жүргіншілер мен автокөлік жүргізушілеріне кедергі келтіріп, құқық бұзушылық жасаған. Осы үшін олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Электрсамокаттарды пайдаланған соң, қайтадан арнайы тұрақтарға немесе жаяу жүргіншілер мен автокөлік жүргізушілеріне кедергі келтірмейтін орындарға қою қажеттігін еске саламыз.
Құқық бұзушылық анықталған жағдайда электрсамокаттарды соңғы пайдаланған азаматтар QR-код арқылы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылады», - делінген облыстық ПД хабарламасында.
Көп оқылған
27.10.2026, 13:01
Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
28.10.2026, 16:15
Тоқаевтың Жолдаудағы сынынан кейін төрт сағат өте алғашқы топ-менеджер жұмысынан айырылды
27.10.2026, 17:43
Ресми ақпарат: Жеңіс Қасымбек жаңа лауазымға ие болды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды