Қызылордада экс-күйеуімен жанжалдасуға барған әйел соттан бір-ақ шықты
Қызылордада әйел адам өзгенің телефонын әдейі сындырғаны үшін жауапқа тартылды

Қызылорда қаласында әйел адамға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық ісі қаралды. Ол кафеде болған жанжал кезінде камераға түсіріп тұрған басқа әйелдің телефонын сындырып тастаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жанжалдың себебі – бұрынғы күйеуімен келіспеушілік
Сот дерегінше, әйел бұрынғы күйеуін іздеп кафеге барған. Сол жерде олардың арасында жанжал туындаған. Оқиға кезінде басқа әйел жанжалды ұялы телефонына түсіріп тұрған.
Телефонды жұлып алып, жерге түсіріп жіберген
Айыпталушы телефонды қолынан жұлып алған кезде құрылғы жерге құлап, сынған. Сотта әйел кінәсін ішінара мойындап, жағдайды түсіндірді.
Сот шешімі
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік соты оны ӘҚБтК-нің 147-1-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды.
Әйел адамға 137 620 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.