«Білгенін істеп жүр»: Қабатовтың әйелі жас жігітпен бірге тағы бір ән шығарды (ВИДЕО)
Олардың бұл әні жұрттың көңілінен шыға қойған жоқ

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқан жас әнші Амантай Әбенмен бірге тағы бір ән шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Олардың видеосы әлеуметтік желіде лезде таралып кетті. Мөлдір Мұқанның айтуынша, жаңа әнінің аты – «Ақ бұлт».
Дегенмен олардың бұл әні желі қолданушыларының көңілінен шыға қойған жоқ.
«Екеуі білгенін істеп жүр», «Дым мән-мағынасы жоқ ән екен», «Түк жараспайды, шынайы емес, өзінше Тұрсынбекке ерегесіп істеп отыр ғой, күлкілі», «Тоба, хит деп тыңдаған адамдар бағалайтын еді, бұлар өздері айтпай жатып, хит дегендері қалай кетті», «Жігіт өзі айтса дұрыс болар еді», - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, осыған дейін Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйел алғаны туралы сыбыс тараған. Дәл осы сыбыстан кейін Мөлдір Мұқанның жас әнші Амантай Әбенмен «Арамызда қалсын бәрі» әнін дуэт етіп шығарды.