$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.06.2020, 01:56
Жаңалықтар

Өзбекстанда коронавирус жұқтырған шетелдік туристерге 3 мың доллар өтемақы төленеді

Өзбекстанда Қауіпсіз туризм қоры құрылып жатыр

Өзбекстанда коронавирус жұқтырған шетелдік туристерге 3 мың доллар өтемақы төленеді
Фото: gazeta.uz

Өзбекстанда отандық турфирма ұйымдастырған бағдарлама бойынша келген шетелдік турист коронавирус жұқтырған жағдайда, оған 3 мың доллар өтемақы төленеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі gazeta.uz басылымына сілтеме жасап.

«Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 19 маусым күні қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптар кезіндегі туризмді дамытудың қосымша шаралары туралы жарлыққа қол қойды. Бұл құжат шетелдік туристерге арналған санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік жүйесін іске қосады. Осы жүйе аясында Қауіпсіз туризм қоры құрылады. Ол Дағдарысқа қарсы қордан (20 млрд сом) және сертификат алымдары арқылы қаржыландырылады», - деп жазады басылым.

Шетелдік турист коронавирус жұқтырған жағдайда, ол 3 мың доллар өтемақы алады. Мұндай практика әлемнің көптеген елдерінде қолданылады.

Серіктес жаңалықтары