$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.06.2020, 23:46
Жаңалықтар

Оқшаулану ережесін бұзған қазақстандық әйел Оңтүстік Кореядан депортациялануы мүмкін

Коронавирус жұқтырған әйел үш күнде бірнеше мейрамхана мен дүкенге барып үлгерген

Оқшаулану ережесін бұзған қазақстандық әйел Оңтүстік Кореядан депортациялануы мүмкін
Фото: ашық дереккөзден

Өз-өзін оқшаулау ережесін бұзған қазақстандық әйел Оңтүстік Кореядан депортациялануы мүмкін. Бұл туралы Пёнтэка қаласының мэриясы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Оңтүстік Кореяға шетелден келген кез келген адам дәрігерлердің бақылауында карантинде болуы керек. Дегенмен, қазақстандық әйел бұл талаптарды орындамаған. Оның бірнеше кафе, дүкен мен миграциялық кеңсеге барғаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

«Отыз жастағы Қазақстан азаматы Алматыдан Оңтүстік Кореяға 15 маусымда келген. Пёнтек қаласы  Сонтхан ауданының денсаулық сақтау басқармасы әйелде коронавирус белгілері болмағандықтан, COVID-19 тестін алмаған. Дегенмен, шетелден келгендердің бәрі Корея заңы бойынша өз-өзін оқшаулауы тиіс. Сонымен қатар әйелге коронавирусқа тест тапсыру ұсынылды. Үш күннен кейін тапсырылған тест оның коронавирус жұқтырғанын көрсетті. Басқарма қызметкерлері әйелдің кіммен байланыста болғанын анықтау барысында оның оқшалану ережесін бұзғанын анықтады», - дейді тілші.

Қазақстан азаматы оңтүстіккореялық сим-карта алмағандықтан, арнайы қосымшаны жүктеп алмаған. Ал бейнебақылау камералары оның үш күнде бірнеше кафе мен дүкенге, сонымен қатар миграциялық кеңсеге барғанын көрсетті.

«Әйелде коронавирус симптомсыз өтіп жатыр. Осымен Оңтүстік Кореяда COVID-19 жұқтырған қазақстандықтар саны үш адамға жетті. Ал оқшаулану ережесін бұзған әйелге 8500 доллар көлемінде айыппұл салынуы немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар депортациялау да қарастырылған. Миграциялық полиция шешімді әйел жазылғаннан кейін қабылдайды», - деп хабарлайды телеарна тілшісі.

Серіктес жаңалықтары