$ 540.05  629.16  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«АҚШ-қа, Еуропаға виза жасаймын»: Алматыда 60-тан астам адамды алдаған алаяқ ұсталды

Ол енді 10 жылға дейін сотталуы мүмкін

«АҚШ-қа, Еуропаға виза жасаймын»: Алматыда 60-тан астам адамды алдаған алаяқ ұсталды
Фото: istockphoto.com

Құқық қорғау органдары аса ірі көлемде алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады. Ол жұртқа Еуропа, АҚШ және Ұлыбританияға қысқа және ұзақ мерзімді виза алып беремін деп сендірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жалған несиелік келісімдер жасаған

Қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін күдікті 60-тан астам адаммен жалған несиелік келісімшарттар жасасып, әрекетін азаматтық-құқықтық мәміле ретінде жасыруға тырысқан.

Зиян көлемі – 330 млн теңгеден астам

Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 330 миллион теңгеден асатыны белгілі болды.

Күдікті қамауға алынды

Күдіктінің әрекеті ҚР ҚК-нің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша сараланып, сот санкциясымен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

10 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған

Прокуратура алаяқтық жасаған жағдайда мүлікті тәркілеумен қатар, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатынын ескертеді.

Серіктес жаңалықтары