$ 537.91  628.87  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада жыл басынан бері жол апатынан 1200-ден аса адам зардап шекті

Жаяу жүргіншілердің кінәсінен 102 жол-көлік оқиғасы болып, 106 адам жарақат алған

Астанада жыл басынан бері жол апатынан 1200-ден аса адам зардап шекті
Фото: istockphoto.com

Астанада жыл басынан бері 1306 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 1645 адам зардап шекті. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қалалық Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Бауыржан Тоқжұманов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомство өкілінің айтуынша, жүргізушілердің кінәсінен 980 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 1201 адам зардап шеккен.

Ал жаяу жүргіншілердің кінәсінен 102 жол-көлік оқиғасы болып, 106 адам жарақат алған.

Кәмелетке толмағандардың қатысуымен 353 жол апаты болып, 397 бала жарақат алған. Оның ішінде балалардың өз кінәсінен 57 жол апаты тіркеліп, 60 жасөспірім жарақат алған.

«Балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында биыл мамыр айында мектеп маңындағы жолдарға кешенді тексеру жүргізілді. 115 жалпы білім беретін мектеп, 100 мектепке дейінгі ұйым және 11 қосымша білім беру мекемесі қаралды», – дейді Бауыржан Тоқжұманов.

Серіктес жаңалықтары