$ 537.91  628.87  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Полиция «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчына қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Халықаралық матч қарсаңында қауіп күшейді

Полиция «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчына қатысты маңызды мәлімдеме жасады
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Алматыда өтетін «Қайрат» пен «Реал» футбол матчы алдында полиция азаматтарды алаяқтардың қитұрқы әрекеттерінен сақ болуға шақырды. Ірі спорттық іс-шаралар кезінде интернет арқылы жалған билеттер сататындар көбейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік бейнеролик әзірленді

Алматы қаласының полициясы билеттерді қолдан жасайтын алаяқтардың ең кең таралған тәсілдерін түсіндіретін бейнеролик жариялады. Бұл алдын алу шаралары халықты сақ болуға шақыруды көздейді.

Билетті тек ресми орындардан алыңыз

Полицейлердің айтуынша, билеттерді тек ресми кассалардан немесе лицензияланған дистрибьюторлардан сатып алу қажет. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде алдын ала төлемді талап ететін ұсыныстарға сенбеу керек.

Киберқылмысқа қарсы кеңес

«Матчқа қызығушылық артқан сайын алаяқтық тізбектердің қаупі де жоғарылайды. Ешқашан тексерілмеген платформалардан билет сатып алмаңыз. Қаражатыңызды қорғаудың ең сенімді жолы – ресми кассаға жүгіну», – деді Алматы қалалық ПД Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Әнес Қалдыбаев.

Қауіпті жағдайды бірден хабарлаңыз

Полиция күмәнді хабарландырулар мен алаяқтық деректері анықталса, дереу «102» нөміріне хабарлауды ескертеді.

Серіктес жаңалықтары