$ 540.18  628.93  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында той үстінде әншіні экс-қайын атасы ұрған: іске қатысты тың мәлімет жарияланды

Күдікті анықталып, полицияға жеткізілді

Түркістан облысында той үстінде әншіні экс-қайын атасы ұрған: іске қатысты тың мәлімет жарияланды
Фото: Видеодан скрин

Түркістан облысында той үстінде әншіні экс-қайын атасы ұрған сәт әлеуметтік желіде жарияланды. Оқиғаға қатысты облыстық Полиция департаменті агенттік тілшісінің сауалына жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Түркістан облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша «ұрып-соғу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталып, полицияға жеткізілді.

Барлық мән-жайды анықтау мақсатында қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шешім қабылданады.

«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.

Полиция кез келген заңға қайшы әрекеттердің заң шеңберінде жауапкершілікке әкелетінін еске салады», - делінген Полиция департаментінің агенттік тілшісіне берген пікірінде.

Айта кетейік, Түркістан облысында той үстінде ән салып тұрған әншіні экс-қайын атасы оңдырмай ұрып құлатқаны туралы видео жарияланған болатын.

Серіктес жаңалықтары