ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 872 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Қазақстанда карантин кезінде шекарадан өту тәртібі өзгерді

Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады

Фото: ашық дереккөзден

Карантиндік шектеулер кезінде мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ҚР азаматтарына тікелей әуе қатынасы қайта орнатылған шет мемлекеттерге шығуға және аталған елдердің азаматтарына Қазақстан Республикасына кіруге рұқсат беріледі. Шетелдіктер үшін негізгі шарт – визалық талаптарды сақтау, Қазақстан Республикасына тікелей әуе қатынасы қайта орнатылған мемлекеттердің азаматы болуы және осы мемлекеттен тікелей рейспен жүруі тиіс. Осы тәртіпке сәйкес елге кіруге рұқсат етілген шетелдіктер де ҚР амағына кіру үшін тікелей әуе рейстерін пайдалана алады», - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге:

- Қазақстан Республикасына экипаждан тыс ауысымға бара жатқан, теңіз кемелерінің қызметкерлері құрамынан тұратын шетелдік азаматтарға – теңіз (өзен) кемелерінің қызметкерлері құрамына қатысы мен мәртебесін дәлелдейтін тиісті құжаттары болған жағдайда;

- Қазақстан Республикасында ауылшаруашылық қызметімен айналысатын тауар иелеріне - ауылшаруашылық қызметін жүзеге асыруды растайтын құжаттар болған жағдайда (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен тізім мен үлгі құжаттарына сәйкес);

- шетелдік оқу орындарында оқып жүрген Қазақстан Республикасының кәмелет жасқа толмаған азаматтарын ертіп жүретін ата-аналарына (қорғаншылары немесе қамқоршыларына), сондай-ақ олардың студенттік визаларын ұзарту, студенттік ID-карталарын рәсімдеу, емтихан (тест) тапсыру үшін - шетелдік білім беру мекемесінің шақыруы және осы мақсаттармен шет елге кіруге ресми рұқсаты болған жағдайда рұқсат етілген. 

Елден шыққан кезде Қазақстан Республикасының азаматтары қолданыстағы шектеулерді және сапар жоспарланған елге кіру мүмкіндігін өз бетінше анықтауы қажет.

Сұхбат
Танымал психоаналитик Анна Құдияровамен сұхбат
Қазақстан ғалымдары КВИ-ге қарсы вакцинаны 45 күнде әзірлеген
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
Филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешовпен латын әліпбиіне қатысты сұхбат