Нұрсұлтан Назарбаевта коронавирус симптомсыз өтіп жатыр – Айдос Үкібай

Елбасының баспасөз хатшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы туралы айтып берді

Нұрсұлтан Назарбаевта коронавирус симптомсыз өтіп жатыр – Айдос Үкібай
Фото: ашық дереккөзден

Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы туралы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Нұрсұлтан Назарбаев өзін жақсы сезінеді. Ауру симптомсыз өтіп жатыр. Температура тұрақты, коронавирусқа тән ешқандай белгі байқалмады. Тұңғыш Президент дәрігерлердің бақылауында. Олардың айтуынша, алаңдауға негіз жоқ», - деді Айдос Үкібай.

Оның айтуынша, Елбасы қашықтан жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар Айдос Үкібай Елбасының өзге мемлекет басшыларынан, еңбек ұжымдарынан түсіп жатқан барлық телеграммалар мен хаттарды оқығанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтан коронавирус анықталғанын және оның қашықтан жұмыс істеп жатқанын хабарлаған едік.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.