$ 539.55  627.55  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Үндістанда толассыз жаңбыр су тасқынына ұласып, 11 адам қаза болды

Ең көп зардап шеккен өңірлер – Реаси және Рамбан аудандары

Үндістанда толассыз жаңбыр су тасқынына ұласып, 11 адам қаза болды
Фото: Times of India

Үндістанның Кашмир аймағында нөсер жауын салдарынан болған селден кемінде 11 адам қаза болды. Тағы бір тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі «Синьхуа» басылымына сілтеме жасап.

Ең көп зардап шеккен өңірлер – Сринагардың оңтүстігінде орналасқан Реаси және Рамбан аудандары. Карара ауылында көшкін бір тұрғын үйді басып қалып, бір отбасының жеті мүшесін үйінді астына қалдырды. Олардың денелерін жергілікті тұрғындар алып шықты.

Рамбан ауданының Раджад ауылында тағы төрт адам қаза тауып, бір адам жоғалғандардың қатарына қосылды.

Билік өкілдерінің айтуынша, бұл соңғы апталардағы алғашқы қайғылы жағдай емес. Муссон маусымы өңірге әлі де жойқын зардаптарын тигізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары