$ 539.55  627.55  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда электрлі автобустар қатынайтын болды

Жолаушылардың жайлы сапары үшін ұзындығы 12 метрлік «Golden Dragon» маркалы электр автобустары қызмет етеді

Алматыда электрлі автобустар қатынайтын болды
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда №90 жаңа бағыттағы автобус қатынайтын болады. Бұл бағытта заманауи электрлі автобустар жүреді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа маршрут Қ.Медеубеков көшесінен бастап, Абай даңғылы бойымен Республика сарайына дейін қатынайды. Ол Наурызбай ауданының Қалқаман және Шұғыла шағын аудандарының тұрғындары үшін көлік қатынасын жақсартады.

Жолаушылардың жайлы сапары үшін ұзындығы 12 метрлік «Golden Dragon» маркалы электр автобустары қызмет етеді: олар дыбыссыз жүретін, кондиционерлермен, бейнабақылау жүйесімен жабдықталған, сондай-ақ қуаттау үшін USB-порттары бар.

Маршрутты тасымалдаушы – «Алматыэлектротранс» ЖШС. Бұл бағытта 25 автобус жүреді деп күтіліп отыр. Жаңа маршрут 2 қыркүйектен бастап жұмысын бастайды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Алматы #автобус