$ 539.55  627.55  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда ер адам өзін өзі өртеп жібермек болды

Мұндай қадамға баруына жалдау ақысына байланысты мәселелер себеп болған

Павлодарда ер адам өзін өзі өртеп жібермек болды
Фото: Pixabay

Павлодар қаласындағы «Жайлау» базарында ер адам – жалға алушы өзіне-өзі қол жұмсау мақсатында өзін өртемек болғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, мұндай қадамға баруына жалдау ақысына байланысты мәселелер себеп болған.

«Оқиға орнында полиция қызметкерлері әкімшілікпен бірлесіп, қауіпсіздік шараларын дереу қабылдап, жедел жәрдем бригадасын шақырды.
Ер адаммен құқық қорғау органдарының қызметкерлері түсіндіру әңгімесін жүргізді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақтандырылды», – делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады.

Серіктес жаңалықтары