Медеу, Шымбұлақ және Көктөбе уақытша жабылды

Сонымен қатар Медеу ауданында барлық сауда үйлерінің, базарлардың, супермаркеттердің қызметі екі күнге тоқтатылды

Медеу, Шымбұлақ және Көктөбе уақытша жабылды
Фото: ашық дереккөзден

Медеу, Шымбұлақ және Көктөбе уақытша жабылды. Сонымен қатар Медеу ауданында барлық сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда орталықтарының, сауда үйлерінің, базарлардың, супермаркеттердің, фитнес орталықтардың қызметі екі күнге тоқтатылды. Бұл туралы Медеу ауданы әкімінің орынбасары Берік Солтанбаев онлайн брифингте айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Саябақтар, скверлер, бульварлар, жағалаулар және басқа да қоғамдық демалыс орындары жабық болады. Олардың қатарында халық ең көп баратын демалыс орындары Медеу, Шымбұлақ, Көктөбе де бар», - деді әкімнің орынбасары.

Оның айтуынша, Медеу ауданында жалпы 19 сауда үйі мен ойын-сауық орталықтары, 2 базар, 17 супермаркет, 2 саябақ, 20 сквер және 31 фитнес орталықтары бар.

«Аудандық полиция қызметкерлері халық көп жиналатын жерлерде енгізілген шектеулерді сақтау бойынша патрульдеуді күшейтеді. Сондықтан шектеу іс-шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз», - деді ол.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.