20.06.2020, 12:28
Жаңалықтар
Әлемде бір күнде коронавирус жұқтырған 150 мың адам тіркелді
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 8,6 миллионнан асты
Фото: ашық дереккөзден
20 маусымда әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 8,6 миллионнан асты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Джонс Хопкинс Университетінің дерегіне сілтеме жасап.
Университет мәліметтері бойынша, әлемде 8,6 миллионнан астам адам COVID-19 жұқтырған. 460 мыңға жуық науқас қайтыс болды, 4,2 миллионнан астам адам сауығып шықты.
Вирусты ең көп жұқтырғандар тіркелген елдердің алғашқы бестігі:
- АҚШ - 2,2 млн адам жұқтырған, 119 мыңнан астам адам қайтыс болды,
- Бразилия - 1 миллионнан астам адам жұқтырған, 49 мыңға жуық адам қайтыс болды,
- Ресей - 568 мыңнан астам адам жұқтырған, 7831 қайтыс болды,
- Үндістан - 380 мыңнан астам адам жұқтырған, 12 573 қайтыс болды,
- Ұлыбритания - 303 мыңнан астам жұқтырған, 42 546 қайтыс болды.
Бұдан бөлек алғашқы ондықта Испания, Перу, Италия, Чили, Иран бар.
ДДҰ өкілдерінің айтуынша, бір тәулікте COVID-19 жұқтырған 150 мыңнан астам адам тіркелген. Бұл осы күнге дейін тіркелген ең жоғары тәуліктік көрсеткіш.
Көп оқылған
13.07.2026, 10:57
Алматыда жеке кәсіпкер есігінің алдында өсіп тұрған ағашты кесемін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
13.07.2026, 11:50
Астанада түнгі уақытта тыр жалаңаш жүрген ер адам алдағы 25 күнін қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
13.07.2026, 12:17
Ауа райы күрт ысиды: Қазақстанда алдағы күндері температура 45 градусқа дейін көтеріледі
13.07.2026, 16:36
Аялдамасынан өтіп кеткен: Астанада ашуға булыққан жолаушы жүргізуші кабинасының әйнегін сындырды