«Ұнатып қалған секілді»: Айқын ән айтып жатқанда күтпеген жағдай болды (ВИДЕО)
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды

Әнші Айқын Төлепберген сахнада ән айтып жатқанда микрофон өшіп қалды, алайда тыңдармандар лезде әнді жалғастырып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тосын жағдайдың видеосын әртіс Instagram парақшасында жариялады.
«Бұл 17-18 жасқа толған түлектер. Бұл ән шыққанда олар 4-5 те болатын. Бұл әнді тыңдамаған. Ондай жаста басқа да шаруалар бар. Бірақ 15-17 жас аралығында бір жерден естіп, ұнатқан деп ойлаймын. Себебі алғашқы махаббат, алғашқы кездесу болады... Ең бастысы қазіргі жас буын қазақ әнін «модный» дәрежесіне көтерді. Иә, иә, бұл мәселеде дәл осы буының зор үлесі бар. Ендігі мақсат – қазақ тілін «модаға» енгізу», - деп жазды Айқын Төлепберген.
Еске сала кетейік, Айқын Төлепберген әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопестің Алматыдағы концерті кезінде өнер көрсеткен Садраддинге қатысты көпшілік тарапынан айтылған хейтке жауап беріп, қолдау көрсеткен болатын.
«Мен шынымен Садраддинге тиісіп жатқан көрерменді түсінбеймін. Әнші жанды дауыста стадион сахнасына шыққаннан кейін, аздаған фальштар немесе кішкене сыр беру – қалыпты жағдай. Себебі ол студия емес, ол жерде адам билейді, қозғалады, тынысы өзгереді. Мұндай сәт кез келген орындаушыда кездеседі. Тіпті Майкл Джексонның өзі де тірі концерттерде дауысты таза ұстай алмай, олқылық жіберген кездері болған. Оның видеоларын YouTube-та көруге болады. Шетелдік әртістердің де жазбалары кейін студияда өңделіп, түзетіліп барып эфирге беріледі», - деді Айқын.
Сондықтан ол көрерменнің Садраддинді сол сәт үшін сынауы әділетсіздік екенін атап өтті.