$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.06.2020, 17:43
Жаңалықтар

Солтүстікте күн қайта суытады, оңтүстікте құмды дауыл көтеріледі – синоптиктер

Сенбі күні республиканың батысында күн ысып, шығысында жауын жауады

Солтүстікте күн қайта суытады, оңтүстікте құмды дауыл көтеріледі – синоптиктер

Синоптиктер 20 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. Ертең еліміздің бірнеше облысында жаңбыр жауып, күн күркірейді.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз нөсерлі жауын жауып, соңы бұршаққа ұласуы ықтимал, күн күркіреп, найзағай ойнайды. Шығыс пен оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, кей жерлерде 25 метрге дейін жетеді. Семей мен Өскеменде де күн күркіреп, жаңбыр жауады.

Батыс Қазақстан облысында күндіз күн қатты ысиды, дала өртінің тұтану қаупі бар, ауа температурасы 35-38 градусқа дейін жоғарылайды.

Солтүстік Қазақстан облысы мен Ақмола облысында керісінше, күн қайта суытады деп күтілуде. Мұнда термометр бағаны 2 градус суықтықты көрсетеді. Ақмола облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.

Түркістан мен Қызылорда облыстарында құмды дауыл көтеріледі деп күтілуде, шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Шымкент пен Түркістан қалаларында да жел тұрады.

Маңғыстау облысында да құмды дауыл көтеріледі. Өңірдің кей жерлерінде күн қатты ысып, термометр бағаны 40 градусқа дейін көтеріледі. Ал, Ақтау қаласында күн 38 градус ыстық болады.

Серіктес жаңалықтары