$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.06.2020, 15:53
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда жаяу және көлікпен жүруге тыйым салынады – Бас санитар

Осы және өзге де шектеулер екі күнді қамтиды

Нұр-Сұлтанда жаяу және көлікпен жүруге тыйым салынады – Бас санитар

Нұр-Сұлтан қаласында 2020 жылғы 19 маусымның сағат 22.00-ден бастап 2020 жылғы 22 маусымның сағат 00.00-ге дейін демалыс күндері шектеу және карантиндік іс-шараларды уақытша күшейту енгізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Осы орайда, мемлекеттік мекемелерге, меншік нысанына қарамастан кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдарға және Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына арналған Бас санитар Ж.К.Пралиеваның қаулысы шықты.

 - карантин режимін, шектеу және эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтауды қамтамасыз ету;

-  аса қажеті болмаса, қала сыртына/ішіне кіруді/шығуды шектеу; қала бойынша жаяу және жеке көлікпен жүруге тыйым салынсын, келесі жағдайларды қоспағанда:

 -  тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай жүруіне қосымшаға сәйкес ұйымдар үшін жұмыс орнынан анықтама (немесе қызметтік куәлік) болған жағдайда;

 -  азық-түлік тауарларын, дәрі-дәрмек препараттарын және медициналық бұйымдарды тұратын үйінің немесе жұмыс орнына жақын дүкендерден, дәріханалардан сатып алу;

- шұғыл жағдайлар бойынша медициналық ұйымдарға бару;

 - үй жануарларын тұрғылықты жеріне жақын жерде серуендету;

- Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына ағымдағы жылдың 18 және 19 маусымында қосымша шектеу шараларының қолданылу кезеңінде бірінші қажетті тауарлар мен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ұсынылады;

 - 65 жастан асқан тұлғаларға уақытша шектеулер кезеңінде осы қаулының 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, аса қажетсіз көшеге шығуға шектеу қойылсын;

 - сауда орталықтарында, базарларда, қоғамдық көліктерде, азық-түлік және тұрмыстық дүкендерінде, қызмет көрсету орындарында және көпшілік жиналатын орындарда дезинфекциялық шаралар өткізілсін. 

Қала әкімдігіне, мемлекеттік мекемелерге, меншік нысанына қарамастан кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдарға 2020 жылғы 19 маусымның сағат 22.00-ден бастап 22 маусымның сағат 00.00-ге дейін осы қаулының қосымшасына сәйкес объектілерді қоспағанда, барлық ұйымдардың, меншік нысанына қарамастан кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі тоқтатылсын. 

1) Келесі кәсіпкерлік субъектілері мен объектілерінің жұмысына тыйым салу, оның ішінде:

 - сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда үйлері, базарлар және азық-түлік және азық-түліктік емес тауарлардың дүкендері, жәрмеңкелер;

 - мейрамхана, кафе, фаст-фуд, фудкорт, асханалар және басқа да қоғамдық тамақтану орындары, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарынан басқа, 50-ден аспайтын отыратын орны бар және жеткізу сервисі;

 - фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, жаттығу залдары, спорт кешендері, бассейндер;

- SPA-орталықтар, SPA-салондар, сұлулық салондары, шаштараз, тырнақ студиялары, барбер-шоптар, солярийлер, массаж орталықтары және қызмет көрсету саласының басқа да ұқсас объектілері; - қоғамдық моншалар, бассейндер, сауналар;

- қоғамдық көліктің қозғалысы;

 - атыс орындары, тирлер;

 - құрылыс алаңынан тыс шықпастан жұмыс режимін қамтамасыз ету мүмкіндігімен жұмысшыларға арналған құрылыс алаңдарында жатақханалары бар құрылыс компаниялары;

 - қоғамдық орындардың: саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, көше ойын алаңдарының және азаматтардың өзге де демалыс орындарының жұмыс істеуі;

- қолма-қол шетел валютасымен операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар ұйымдар;

 - Қаржы нарығы мен қызметтер субъектілері осы кезеңде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алсын;  

- Нұр-Сұлтан қаласына территориялық жақын орналасқан туристік аймақтарға кіруді жабу, ал көрсетілген аймақтардағы тұлғаларға - әлеуметтік қашықтықты сақтау.

 2) Осы қаулының қосымшасына сәйкес қызметін жүзеге асыратын меншік нысанына қарамастан ұйымдардың басшылары мен кәсіпкерлік субъектілеріне:

 - қызметкерлерді қашықтан жұмыс режиміне мүмкіндігі бойынша ауыстыру;

 - жұмыс орнына дейін және тұрғылықты жеріне кері орталықтандырылған жеткізуді қамтамасыз ету;  

- қызметкерлерді жұмыс орнынан анықтамалармен қамтамасыз ету.

3) көппәтерлі тұрғын үйлерде орналасқан тамақ өнімдері мен бірінші қажетті тауарларды сатуды жүзеге асыратын дүкендерге (шағын маркеттерге) жұмыс кестесі сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін белгіленсін.

4) алдын ала бекітілген кестелер бойынша және бекітілген алгоритмдерге сәйкес жекелеген оқу орындарына ұлттық бірыңғай тестілеу мен түсу емтихандарын өткізуге рұқсат етілсін.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментіне:

 1) көрсетілген қаулының қолданылу кезеңінде белгіленген жоғарыда көрсетілген талаптарды бұзу не орындамау фактілері анықталған кезде тиісті әкімшілік шаралар қолданылсын;

 2) азаматтардың қоғамдық орындарда, саябақтарда, скверлерде және басқа да демалыс орындарында болуына жол бермеу мақсатында оларды арнайы құрылғылармен және қоршаулармен жабуды қамтамасыз етсін;

 3) енгізілген шектеулерді сақтау бойынша Нұр-Сұлтан қаласының аумағында патрульдеуді ұйымдастыру. Нұр-Сұлтан қаласының ішкі саясат басқармасы бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және айларда жұқтыру ошақтарын оқшаулауды және оның елорда тұрғындары арасында таралу қаупін азайтуды қамтамасыз етуге, адам мен азаматтың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шешімнің маңыздылығын ашуға бағытталған шаралар туралы ақпараттық сүйемелдеу жүргізуді қамтамасыз етсін. Барлық мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. Осы қаулы 2020 жылғы 19 маусымда сағат 22.00-ден бастап күшіне енеді.  

Серіктес жаңалықтары