$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарамағындағыларды боқтаған Асан Үмбетов өзі туралы әзілге ішек-сілесі қатып күлді (ВИДЕО)

Теміржолшыға пародия ұнап қалған

Қарамағындағыларды боқтаған Асан Үмбетов өзі туралы әзілге ішек-сілесі қатып күлді (ВИДЕО)
Фото: скрин/https://t.me/railways_kz

«ҚТЖ-жүк тасымалы» ЖШС бас директорының орынбасары Асан Үмбетов КВН-шілердің өзі туралы пародиясына ішек-сілесі қатып күлді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желіде ҚТЖ топ-менеджеріне пародия жасаған әртістердің видеосы таралды. Әзілге басшының қызметкерлерін пойызды бір жарым сағатқа кешіктіргені үшін дөрекі түрде ұрысқаны себеп болды.

Команда топ-менеджердің мәнерінде әзілдеген. Видеодан залда бұл қойылымды Үмбетовтің өзі де тамашалап отырғанын көруге болады. Теміржолшыға пародия ұнаса керек, ішек-сілесі қатып күліп отыр.

Жуырда желіде «ҚТЖ-жүк тасымалы» ЖШС бас директорының орынбасары Асан Үмбетовтің жиналыс кезінде қызметкерлерге дауыс көтерген сәтінің видеосы тарап кетті.  Ол пойыздың 1,5 сағатқа кешігіп қалғанына ашуланып, қарамағындағы қызметкерлеріне ұрысқан. Дөрекі сөздер қосып сөйлеген оны көпшілік қатты сынамай, керісінше «шын жанашыр басшының нақ өзі, қызметіне берілген» деген жылы пікірлер жазды. Асан Үмбетов осы жағдайдан кейін басшылықтан ескерту алған.

Видеоны желіге кім таратқаны анықталып жатыр. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов мәлімдеді. Рельстен шығып кеткен вагондарды сүйреген машинист пен оның көмекшісіне сөгіс жарияланған.

Серіктес жаңалықтары