21.08.2025, 09:57
Жаңалықтар
Қазақстанда қанша отбасыға атаулы әлеуметтік көмек төленіп отыр
Осы мақсатта жалпы сомасы 18,6 млрд теңге төленді
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
Қазақстанда 1 тамыздағы жағдай бойынша 48,3 мың отбасындағы 259,7 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, осы мақсатта жалпы сомасы 18,6 млрд теңге төленді. Биыл бұл мақсатқа бюджеттен 110,7 млрд теңге қарастырылған.
АӘК қандай қолдау көрсетеді?
АӘК-тің басты мақсаты – отбасыларды қиын жағдайдан шығару. Ол үш бағытта жүзеге асады:
- Табысы кедейлік шегінен төмен азаматтарға тоқсан сайын қаржылай төлем беру;
- 1-6 жас аралығындағы балаларға ай сайын 1,5 АЕК мөлшерінде қосымша төлем тағайындау;
- Жұмысқа орналастыру, біліктілікті арттыру курстары мен гранттар беру арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
2025 жылдың 1 тамызына дейін мектеп жасына дейінгі 80,3 мың балаға жалпы 2,4 млрд теңге қосымша төлем берілді.
АӘК-ке қалай өтініш беруге болады?
Азаматтар АӘК-ке өтінішті тұрғылықты жері бойынша тапсыра алады:
- Мансап орталығы;
- Ауыл округінің әкімінде;
- Электрондық үкімет порталы (egov.kz).
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы