Алматы облысында 4,5 гектар жерге есірткі егілген
Қазақстанда «Қарасора-2025» аясында ауқымды операция өтті

Қазақстанның бірнеше өңірде ірі көлемде есірткі қылмыстары әшкереленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақмола облысы: курьерден мефедрон табылды
Көкшетау-Атбасар-Степногорск бағытында жүрген курьер ұсталып, одан 2,2 килограмм мефедрон тәркіленді. Ол Telegram арқылы ұйымдастырушылармен байланыста болған.
Ұлытау облысы: гараждан есірткі мен заңсыз қару шықты
Гаражды тінту кезінде қаптарға салынған есірткі және тіркелмеген қару табылды. Сондай-ақ, тұрғын үй ауласында 20 келі каннабис сақтаған күдікті қолға түсті.
Жамбыл облысы: Шу алқабында арнайы операция
Ұлттық ұлан сарбаздарының қатысуымен түнгі операция барысында ер адамнан 32 келі жаңа шабылған марихуана алынды.
Атырау облысы: 1 000-нан астам қарасора бұтасы жойылды
Кинологиялық қызмет итінің көмегімен қарасораның ірі ошағы анықталды. Жалпы салмағы 123 келі есірткі тәркіленді.
Қызылорда облысы: әуеден барлау нәтижесі
Әуе арқылы жүргізілген бақылау кезінде қарасора өсірілген плантация табылды. Сонымен қатар, жеке ауладан 73 түп қарасора анықталды. Жалпы тәркіленген есірткі салмағы 300 келіге жуықтады.
Алматы облысы: 4,5 гектар қарасора алқабы
Шаруа қожалығы аумағынан 4,5 гектар жерге егілген қарасора табылды. 332 түп өсімдік пен тұқым салынған қаптамалар тәркіленді.