$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.06.2020, 09:11
Жаңалықтар

Асқар Мамин оқшаулау режимінен шықты

Оның коронавирусқа тапсырған тесті теріс нәтиже көрсеткен

Асқар Мамин оқшаулау режимінен шықты

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин коронавирус жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болғандықтан оқшауланған еді. Үкімет басшысы жұмысына қайта кірісті, деп хабарлады Премьер-министрдің баспасөз қызметі.

«Асқар Мамин КВИ диагностикалық хаттамасына сәйкес тиісті мерзімі аяқталып, оқшауланудан шықты. COVID-19 тестін екінші рет тапсырып, ол да теріс нәтиже көрсетті», - деді Үкімет баспасөз қызметінің өкілі Серік Акижанов.

Сонымен қатар, министрлер Асхат Аймағамбетов, Сапархан Омаров, Мағзұм Мырзағалиев те екінші қайтара тест тапсырып, бәрінде теріс нәтиже көрсеткен. Қазір Үкімет басшысы мен министрлер жұмыстарына қайта кірісті.

Еске салайық, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырып алғаннан кейін Үкіметтің өзге мүшелері оқшауланып, жұмыстарын қашықтан жүргізуге мәжбүр болды.

Серіктес жаңалықтары