Қазақстанда бір тәулікте 474 адамнан коронавирус анықталды
Өсім 3%-ды құрап отыр
18 маусымда Қазақстанда COVID-19 вирусын тағы 474 адамның жұқтырғаны белгілі болды. Осылайша, республикада аталған инфекцияны жұқтырғандардың жалпы саны 16 351 адамды құрап отыр.
Вирус жұқтырғандар Нұр-Сұлтанда күрт артқан. Мұнда бір тәулікте 103 адамнан КВИ анықталды.
Нұр Сұлтан қаласы - 103 (3,4%)
Қарағанды облысы - 57 (3,4%)
Алматы қаласы - 41 (1,3%)
Шымкент қаласы - 37 (3,1%)
Шығыс Қазақстан облысы - 35 (11,7%)
Түркістан облысы - 32 (6,6%)
Жамбыл облысы - 29 (5,5%)
Батыс Қазақстан облысы - 28 (2,7%)
Ақтөбе облысы - 27 (4,8%)
Ақмола облысы - 20 (8,3%)
Атырау облысы - 17 (1,2%)
Солтүстік Қазақстан облысы - 12 (9,0%)
Қостанай облысы - 11 (4,5%)
Қызылорда облысы - 11 (2,1%)
Алматы облысы - 9 (1,7%)
Маңғыстау облысы - 5 (1,2%).
Еске салайық, кеше кешке коронавирустан емделіп жатқан тағы 5 науқас көз жұмып, қайтыс болғандардың жалпы саны 105-ке жетті. Барлығы 10 139 адам жазылып шыққан.