$ 538.33  626.99  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысында 22 шетел азаматы заңсыз жұмыс істеп жүрген жерінен ұсталды

Облыс көлемінде рейд жүріп жатыр

Павлодар облысында 22 шетел азаматы заңсыз жұмыс істеп жүрген жерінен ұсталды
Фото: istockphoto.com

Павлодар облысында 22 шетел азаматы заңсыз жұмыс істеп жүрген жерінен қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Павлодар облысында миграциялық заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Заңсыз жұмыс күші анықталды

Екібастұз қаласында полицейлер үш зауыт пен құрылыс алаңдарын тексеру барысында еңбек етуге рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеп жүрген 22 шетел азаматын анықтады. Барлық факті бойынша әкімшілік материалдар толтырылып, сотқа жолданды.

Миграциялық ахуал талдауы

Полиция департаментінің мәліметінше, шетелдіктердің көпшілігі Қазақстанға заңды түрде кіреді. Алайда уақыт өте келе құжатсыз жұмыс істеу арқылы заңнаманы бұзады. Бұл ретте оларға кей жағдайда жергілікті азаматтар да көмектесіп жатады.

Тексеру жалғасуда

Рейд барысында полиция қызметкерлері шетелдіктердің тұрғылықты жерлерін, базарларды, құрылыс нысандарын және жұмыс берушілерді тексеріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары