$ 538.57  629.48  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандық палуан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Отандасымыз 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті

Қазақстандық палуан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Фото: Olympic.kz

Қазақстандық еркін күрес шебері Камиль Куруглиев Самоков (Болгария) қаласында өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатының финалында есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Отандасымыз 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде өзбекстандық Шерзод Поеновпен өзара мықтыны анықтады.

Тартысты өткен белдесу қарсыластың пайдасына аяқталды. Поенов 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында қазір бес медаль бар. Бұған дейін Едіге Қасымбек (125 келіге дейін) алтын иеленсе, Нұрданат Айтанов (57 келіге дейін), Досжан Құл-Ғайып (74 келіге дейін) және Самир Дурсунов (97 келіге дейін) әлем чемпионатын қола жүлдемен аяқтады.

Серіктес жаңалықтары