Алматыда Есентай өзеніне көлігімен кірген екі жүргізуші қамауға алынды
Әлеуметтік желіде тараған видео

Алматының Медеу ауданында Есентай өзеніне көлігімен кіріп кеткен жүргізуші турслы түсірілген видео әлеуметтік желіде қызу талқыланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жүргізушілердің жеке басы анықталды
Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, жүргізілген іздестіру іс-шаралары нәтижесінде тәртіп бұзған жүргізушілердің жеке тұлғалары анықталды.
Тексеру қорытындысы бойынша олар ҚР ӘҚБтК-нің алты бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Көліктер айыппұл тұрағына қойылды
Құқық бұзған көліктер арнайы айыппұл тұрағына жеткізілді.
Сот шешімі
Сот қаулысымен екі жүргізуші де 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Полиция ескертеді
Алматы полиция департаменті жүргізушілерді ережені сақтауға шақырып, былай деп ескертті:
«Өзен арнасына немесе жүруге арналмаған орындарға көлікпен кіруге болмайды. Мұндай әрекеттер қоршаған ортаға да, жол қозғалысына қатысушылардың өздеріне де қауіпті», – дейді ПД.
Полиция құқық бұзушылықтардың қатаң түрде тоқтатылатынын және кінәлілер міндетті түрде жауапқа тартылатынын атап өтті.
Айта кетейік, осыған дейін Алматыда жүргізуші Toyota Camry көлігін Есентай өзеніне айдап кіргені хабарланған.