$ 538.57  629.48  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтауда мас ер адам терезенің алдына шығып, жұртты қорқытты

Әлеуметтік желіде видеосы жарияланды

Ақтауда мас ер адам терезенің алдына шығып, жұртты қорқытты
Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желілерде Ақтауда түсірілген видео тарады. Онда белгісіз ер адам төртінші қабаттағы терезенің алдына шығып, айқайлап, тұрғындарға балағат сөздер айтқаны көрінеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға орны38-шағынаудан

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 18 тамызда 38-шағынаудандағы №4 үйде болған. Ер адам сол сәтте алкогольдік мас күйде болған. Оны байқаған көршілер бірден полиция шақырған.

Полицияға бағынбады

Lada.kz мәліметінше, тәртіп сақшылары келгенде азамат заңды талаптарға бағынбай, полиция қызметкерлерін балағаттаған.

Аталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабымен іс қозғалды («Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбау»).

Сот шешімі

19 тамызда сот отырысы өтіп, ер адамға үш тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары