Владимир Зеленский АҚШ-та Дональд Трамппен кездесті
Олар Ақ үйде кездесті

Украина президенті Владимир Зеленский Дональд Трамппен кездесу үшін Ақ үйге келді.
АҚШ президенті оны өз резиденциясының есігінде жеке өзі қарсы алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі DW басылымына сілтеме жасап.
Владимир Зеленский Вашингтондағы Украина елшілігінде өткен кездесулердің қорытындысы бойынша еуропалық көшбасшылармен ұстанымдардың келісілгенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Telegram-да жазба қалдырды.
«Финляндия, Ұлыбритания, Италия, Еуропалық комиссия және НАТО Бас хатшысымен бірге президент Трамппен кездесу алдында ұстанымдарымызды келістік. Бізге бейбітшілік қажет», – деді саясаткер.
Германия канцлері Фридрих Мерц Ақ үйге келіп, АҚШ президенті Дональд Трамп пен Владимир Зеленскийдің еуропалық көшбасшылармен өтетін келіссөздеріне қатыспақ.
Бұған дейін мемлекет басшысының резиденциясына Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен, НАТО бас хатшысы Марк Рютте, Финляндия мен Франция президенттері Александер Стубб пен Эммануэль Макрон, сондай-ақ Италия мен Ұлыбритания премьер-министрлері Джорджа Мелони мен Кир Стармер келген болатын.