19.08.2025, 09:00
Жаңалықтар
Семейде әпкелі-сіңлілі қыздар анасынан қалған пәтерді бөлісе алмай, сотқа жүгінді
Бұл іске қатысты сот шешімі шықты
Фото: istockphoto.com
Семей қаласында әпкелі-сіңлілі қыздар мұрагерлік жолмен қалған мүлікті бөлу мәселесінде келісімге келе алмай, сотқа жүгінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Даудың мәні
2021 жылы олардың анасы қайтыс болғаннан кейін, мұрагерлікке пәтер қалған.
Бірі пәтерді сату арқылы ақшаны теңдей бөлу туралы ұсыныс жасаған, бірақ екіншісі оған жауап бермеген;
Пәтерді күтіп ұстау (жөндеу, коммуналдық төлемдер, ПИК жарналары) шығындарын екіншісі көтеріп келген.
Сот процесі және бітім
Сот медиация арқылы тараптарды бітімге келтіру шараларын қолданды. Нәтижесінде:
- Жауапкердің пәтердегі үлесі екіншісіне де өтті;
- Ол қаржылық өтемақы төлейді, пәтерді күтуге жұмсаған шығындар шегеріледі;
- Сондай-ақ, жиһаз бен оргтехниканы қайтаруға міндетті.
Сот актісі құқықтық күшіне енді.
Көп оқылған
02.04.2026, 15:48
Екі бала қоршаудан әрі ұшып кеткен: Талдықорғанда жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)
02.04.2026, 13:13
Табысынан шығыны көп қазақстандықтар енді 10 пайыз салық төлеуі мүмкін
02.04.2026, 11:28
Юпитерден энергия алу идеясын ұсынған: қазақстандық оқушылар әлемдік байқауда жеңіске жетті
02.04.2026, 14:58
Павлодарда ер адам досын қорғаймын деп пышақ жарақатынан қаза тапты