$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда той үстінде оқ атылып, 23 жастағы жігіт қаза тапты

Жас жігіттің фельдшер екені белгілі болды

Атырауда той үстінде оқ атылып, 23 жастағы жігіт қаза тапты
Фото: istockphoto.com

Атырауда 17 тамызға қараған түні қайғылы оқиға болды. Қалада өткен той барысында шыққан жанжалдың соңы адам өлімімен аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Atyrau Online басылымына сілтеме жасап.

Қақтығыс пен оқиға барысы

Куәгерлердің айтуынша, тойда бірнеше қонақтың арасында жанжал шыққан. Жағдайды реттеу үшін фельдшерді шақырғанымен, дау басылмаған. Қақтығыс кезінде оқ атылып, 23 жастағы жігітке тиген. Жас жігіт оқиға орнында көз жұмды.

Полицияның ресми мәлімдемесі

Атырау облыстық полиция департаментінің дерегінше, күдіктілер ұсталып, уақытша қамауға алынды.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді», — деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары