Израильдің жүздеген мың халқы Газадағы соғысты тоқтатуды талап етті
Олар жаппай ереуілге шығу туралы бастамаларды қолдады

Израильде соғысты тоқтату және тұтқындарды босату талап етілген жаппай ауқымды акциялар өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Bild басылымының мәліметінше, Израильдің түкпір-түкпірінде тұрғындар Газа секторындағы соғысты тоқтатуды және ол жерде ұсталып отырған тұтқындарды босату туралы келісімге келуді талап етіп, наразылық шерулеріне шықты.
«Бүгін жүздеген мың израильдік азамат өздерінің нақты талаптарымен елді тоқтатты. 50 тұтқынды қайтарыңдар, соғысты доғарыңдар», – деп мәлімдеді тұтқындардың туыстарының ең ірі қауымдастығы.
Сонымен қатар, тұтқындар отбасылары форумы жексенбі күні ереуіл өткізуге шақырып, бұл қадамды ХАМАС қолында Газа секторында қалған тұтқындармен ынтымақтың белгісі ретінде атады.