17.08.2025, 22:27
Жаңалықтар
Маңғыстау облысында ескі-құсқы көліктер қаптап барады – зерттеу
Автокөлік саны мен түрлері белгілі болды
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев
Маңғыстау облысында тіркелген автокөліктердің дені ескіріп қалған. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ресми мәлімет бойынша, өңірде тұрғындар мен заңды тұлғалардың меншігінде мынандай техникалар бар:
- 189 660 жеңіл көлік;
- 21 975 жүк көлігі;
- 5854 автобус;
- 1485 мотоцикл және мототехника.
Жанармай түрі бойынша көліктер
Жеңіл автокөліктердің отын түріне байланысты көрсеткіші төмендегідей:
- 89 977 көлік бензинмен жүреді;
- 2320 көлік дизельмен;
- 272 автокөлік газбен жүреді;
- 95 085 көлік аралас отынмен (бензин, газ, электр);
- 201 көлік таза электр қуатымен қозғалады.
Көліктердің жасалып шыққан мерзімі
Статистикаға сәйкес, Маңғыстау өңірінің автопаркі айтарлықтай ескірген:
- 3 жылға дейінгі жаңа көліктер – 14 461 бірлік;
- 3-7 жыл аралығындағы көліктер – 24 331 бірлік;
- 7-10 жылдық көліктер – 29 852 бірлік;
- 10 жылдан асқан көліктер – 120 959 бірлік.
Олардың ішінде:
- 10-20 жылдық көліктер – 69 353;
20 жылдан асқандар – 51 606 бірлік.
Көп оқылған
14.08.2026, 08:41
Оралда сегіз жасар қыз септикке құлап, көз жұмды
14.08.2026, 10:46
«Бордюр мен автобус арасынан өтпек болған»: елордада самокат мінген жасөспірім автобустың астына түсті
14.08.2026, 15:20
Бір ай комада жатты: Астанада аттан жығылған қыз ауруханада көз жұмды
14.08.2026, 09:35
«1 млрд тг пайда тапқан»: Ұлытауда карьерді рекультивациялау жұмысының астында заңсыз кен өндіріліп келген