17.08.2025, 21:29
Жаңалықтар
Алматы облысының тұрғыны 50 келі есірткіні жүгері арасына жасырып өсірген
Арнайы операцияның нәтижесі жарияланды
Алматы облысында полицейлер ҰҚКД-мен бірлесіп, заңсыз есірткі бизнесін әшкереледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ІІМ мәліметіне сәйкес, Еңбекшіқазақ ауданында 36 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Оның 4,5 гектарлық шаруа қожалығы аумағында жүргізілген тінту барысында 233 түп қарасора табылды. Есірткі тектес өсімдікті ол жүгері алқабының арасына жасырып өсірген.
Сонымен қатар, арнайы жасырылған орыннан марихуана тұқымы салынған 58 пробирка анықталып, тәркіленді. Барлық өсімдік сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Зерттеу қорытындысы бойынша, олардың жалпы салмағы 49 килодан асып кеткен.
Көп оқылған
30.06.2026, 11:58
Атырауда «Нива» мінген жас жігіт дрифт жасаймын деп басы дауға қалды
30.06.2026, 16:10
«Қайын жұртын қырып салған»: Сұлтан Сәрсемәлиевтің ешкім білмеген былықтары әшкере болды
30.06.2026, 10:37
Актер Нұртас Адамбай АҚШ-қа көшіп кетті