15.08.2025, 10:40
Жаңалықтар
Астық жинау науқаны: Қазақстанда алғашқы 10 күнде 1,6 млн тонна астық жиналды
10 күннің ішінде 1,1 млн гектар алқап орылды
Фото: istockphoto.com
Қазақстанның 12 өңірінде егін жинау науқаны қызу жүріп жатыр, алғашқы 10 күнде 1,6 млн тонна астық жиналды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау, тәуекелдерді азайту және елдің азық-түлік қауіпсіздігін күшейту басты назарда.
1,1 млн гектар алқап орылды
Соңғы деректер бойынша:
- 1,1 млн гектар (дәнді дақылдардың 6,6%-ы) орылды;
- 1,6 млн тонна астық бастырылды;
- 17,4 мың тонна майлы дақыл,
- 363,5 мың тонна картоп,
- 1,3 млн тонна көкөніс,
- 1,6 млн тонна бақша өнімі жиналды.
Жаппай егін жинау тамыздың үшінші онкүндігінде басталады
Ел бойынша егін жинау жұмысына:
- 139 мың трактор,
- 31 мың астық жинайтын комбайн,
- 17 мың орақ,
- 130 мың басқа да техника жұмылдырылмақ.
Қазіргі уақытта техниканың дайындық деңгейі 93%.
Шаруаларға арзандатылған дизель отыны бөлінді
Өңірлерге егін жинауға 402 мың тонна дизель отыны бөлінді. Бағасы – 254 теңге/литр, бұл нарықтық бағадан 18–20%-ға арзан.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді