$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бейтаныс адамды «закладчик» деп ойлап, соққыға жыққан: Ақтөбе тұрғыны 4 жылға сотталды

Оқыс оқиға түнгі уақытта болды

Бейтаныс адамды «закладчик» деп ойлап, соққыға жыққан: Ақтөбе тұрғыны 4 жылға сотталды
Фото: istockphoto.com

Ақтөбеде 21 жастағы жергілікті тұрғын бейтаныс адамды есірткі жасырып кетуші деп ойлап, оны соққыға жыққаны үшін сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Белгілі болғандай, жапа шегуші есірткі іздемеген – достары қалжыңдап жасырып қойған пәтер кілтін тауып алмақ болған.

Оқиға түнде қаланың орталығында болған. Айыпталушы достарымен серуендеп жүріп, жерді шаммен қазып жатқан ер адамды байқайды. Оны есірткі тығып кетуші немесе оны іздеп жатыр деп ойлап, қасына жүгіріп барып, ұра бастаған. Айыпталушының достары араласпаған. Салдарынан жәбірленуші жабық бас-ми жарақатын алған және миы шайқалған.

Сотта айыпталушы кешірім сұрап, «қателікпен әрекет еткенін» түсіндірді. Сот оны бұзақылық жасады деп танып, бұған дейін тонау үшін сотталғанын ескере отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

«Айыпталушының кінәсі куәгерлер мен жәбірленушінің айғақтарымен, сондай-ақ қылмыстық іс материалдарымен расталады», – деп атап өтті сотта.

Серіктес жаңалықтары