$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда өгей қызын тұрақты зорлап келген ер адам өмір бойына сотталды

Іс жабық сот отырысында қаралды

Павлодарда өгей қызын тұрақты зорлап келген ер адам өмір бойына сотталды
Фото: istockphoto.com

Павлодарда өгей қызын зорлаған ер адамға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты зорлау, яғни жәбірленушіге күш қолдану қатерін төндіріп, дәрменсіз күйін пайдаланып, жас балаға қатысты өгей әкесінің бірнеше рет жыныстық қатынас жасау фактісі бойынша қылмыстық істі қарады (ҚК 120-б. 4-б.).

Істің мән-жайын заңмен жария ету мүмкін болмағандықтан, іс жабық сот отырысында қаралды.

Сотталушының кінәсі жас бала жәбірленушінің сақтауға берілген айғақтарымен, куәләрдің айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен дәлелденді.

«Сотталушы жасаған қылмыс аса ауыр қылмыстар санатына жатады және тек бас бостандығынан айыру жазасын, ал ҚК-нің 120-б. 4-б. бойынша – өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын ғана қарастырады.

Істің мән-жайын және сотталушының жеке басын ескере отырып, оған қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемелерінде өтеумен өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ», – делінген Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары