«Қайрат» Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шығу арқылы 2,5 млрд теңге табыс тапты
Алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды

Алматының «Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Словакияның «Слован» командасын қос кездесудің қорытындысы бойынша пенальти сериясында жеңіп, плей-офф кезеңіне өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Еуропаның басты клубтық турнирінің шешуші іріктеу кезеңіне шыққаны үшін қазақстандық клуб 4,29 миллион еуро (қолданыстағы бағаммен шамамен 2,5 миллиард теңге) қаржылай сыйақы алады.
Егер «Қайрат» плей-оффта жеңіске жетсе, команданың табысы 18,62 миллион еуроға (шамамен 11,7 миллиард теңге) дейін өседі.
Соңғы іріктеу кезеңінде алматылықтарға Шотландияның қазіргі чемпионы – «Селтик» қарсылас атанды. Бұл жұптың жеңімпазы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтеді, ал жеңілген команда Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетеді.
Алғашқы ойын 20 тамызда Глазгода, ал қарымта матч 26 тамызда Алматыда өтеді.