13.08.2025, 13:56
Жаңалықтар
Жаңбыр, бұршақ, жел: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы құбылмалы болады
Синоптиктер болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
«Қазгидромет» РМК алдағы бірнеше күнге арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс циклоны еліміздің басым бөлігіне өз ықпалын сақтайды. Батыста, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде кей жерлерде найзағаймен, бұршақпен және екпінді желмен бірге нөсер жауын жауады.
«Елдің оңтүстік жартысының жекелеген аудандарында жоғары температура фонында найзағаймен өткінші жауын жаууы мүмкін. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, солтүстік пен шығыста түнгі және таңғы сағаттарда тұман түсуі ықтимал», – делінген синоптиктер болжамында.
Температуралық фон:
- Республиканың батысында түнде +13...+18°C, күндіз +20...+30°C;
- Солтүстік-батыс пен солтүстікте түнде +10...+18°C, күндіз +18...+26°C;
- Орталық облыстар мен оңтүстік-батыста аптап ыстықтың аздап төмендеуі күтіледі: күндіз +25...+33°C-тан +20...+28°C-қа дейін;
- Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +33...+38°C-тан +30...+35°C-қа дейін;
- Шығыс өңірлерде аптап ыстық сақталады, күндіз +25...+30°C шамасында.
Көп оқылған
11.08.2026, 10:40
«Кінәсіз»: Қаскелеңде күйеуін пышақтап өлтірген жүкті әйел сот залында босап шықты
11.08.2026, 11:17
Ақмола облысының тас жолындағы сұмдық апат: екі адам қаза тауып, сегізі ауруханаға түсті
11.08.2026, 09:25
Боқтап, полицияға бағынбаған: БҚО-да жас жігіт бір айға жуық уақытын қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
11.08.2026, 16:31
«Жол бермеді» деп жүргізушіні ұрып жыққан: Алматыда жолдағы жанжал қылмыстық іске ұласты (ВИДЕО)
11.08.2026, 14:17
5 млн теңге алимент төлемеген: Астана тұрғыны екінші рет сотталды